Сарапшы туралы
Кенжебек Ержан Ғалымжанұлы 2013–2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «5B070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған. 2017–2019 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасында «6М060200 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған. 2019 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасында оқытушы және аға оқытушы қызметтерін атқарып келеді. Мемлекеттік ғылыми жобаларды орындауға лаборант, кіші ғылыми қызметкер және ғылыми қызметкер ретінде қатысады. 2019–2022 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторантурасында «8D06103 – Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, оқуын сәтті аяқтаған.